Сарышаған және Шығыс полигондарында Қазақстан мен Ресей әуе күштерінің бірлескен «Шығыс-2019» оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.
Шараға Қазақстан әуе күштерінің бөлімдерінен Су-25 және Су-30 ұшақтары, ал Ресей әуе күштерінен екі эскадрилья, Су-30 бен Су-34 ұшып келді. Екі ел арасындағы мұндай жаттығулар Қазақстанда 2011 жылы ұйымдастырылған. Әскери әуе күштерінің бірлескен оқу-жаттығу жиыны 21 қыркүйекте аяқталады.
Осыған байланысты ҚР әскери әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов: «Биылғы оқу жаттығуға қатысып жатқан ұшқыштар аға лейтенанттан бастап, подполлковник шеніне дейін қатысады. Жас мамандар да бар араларында. Бірінші сыныпты ұшқыштар да бар. «Шығыс – 2019» жаттығуларының шеңберінде екі ел ұшқыштары әуедегі қақтығыстарды тұрақтандыруға арналған операцияларды бірлесіп жүргізді. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат, екі елдің қорғаныс саласындағы ынмақтастығын нығайту және ұшқыштардың тәжірбесін шыңдау», – деді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы