АҚШ Конгресс өкілдерінің палатасы Украинаға әскери көмекке $ 250 млн бөлуді мақұлдады. Тиісті тармақ Федералдық үкіметті уақытша қаржыландыру туралы конгрессмендер бекіткен заң жобасында жазылған.
Құжатта Украинаға әскери көмек көрсетуге қаражат бөлу Құрама Штаттарының бюджет жобасы енгізідгеннен бастап жалғасатын болады делінген. Киевке әскери көмек көрсетуге қаражат бөлу бағдарламасы, егер оны заң шығарушылар ұзартпаса, 30 қыркүйекте аяқталуы мүмкін. Өкілдер палатасын бақылаушы демократтар АҚШ президенті Дональд Трамп көмек ретінде берілетін қаржылардың осы бабын қайта қарауы мүмкін.
Биыл тамызда Уашингтон Киевке әскери көмек беру шешімін қайта қарамақ болған. Politico мәліметі бойынша, Трамп Киевке бөлінген қаржының Америка мүддесі тұрғысынан пайдаланылатынына көз жеткізгісі келеді. Қаржы құрылымына тексеріс жүргізушілердің арасында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон бар.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Уашингтоннан Киевке 2014 жылдан бастап көрсетілген әскери көмек көлемі $1,5 млрд-қа жеткен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы