Ресейде Тәжікстан азаматтары партия құрмақ.
Жаңадан құрылатын партияның басты мақсаты Ресейде жүрген тәжік мигранттарының Тәжікстандағы саяси өмірге араласуын қамтамасыз ету. Статистика бойынша, қазіргі уақытта Ресейде 2 миллионға жуық тәжік азаматы бар. Партияға кез келген тәжікстандық мүше болып кіре алады. Әзірге ұйымдастырушылар Тәжікстан Әділет министрлігіне партияны тіркеу жөнінде өтініш бермеген.
«Отыз жыл өтсе де қоғам елде болып жатқан саяси президент және парламент сайлауы сияқты саяси процестерге араласқан жоқ. Азаматтық қоғамның белсенділігі мүлде байқалмайды. Біз партия құру арқылы осы олқылықтың орнын толтырып, азаматтық жауапкершілікті күшейтпекпіз» - дейді ұйымдастырулардың бірі Иззат Амон.
Мигаранттардың басын біріктіретін партия құру бастамасы бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Бірақ ұйымдастырушылардың барлығының үстінен Тәжікстанда қылмыстық іс қозғалып, қудаланған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды