Киев аудандық соты Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың активтеріне кіретін «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының мүлкі мен корпоративтік құқықтарына тыйым салды.
Бұл туралы Виктор Януковичтің президенттік кезінде оның әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарған заңгер Андрей Портнов хабарлады.
«Печерский соты Порошенкоға тиесілі басты активердің бірі «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының корпоративтік құқығына тыйым салды», – деп жазды ол өзінің Telegram парақшасында.
Петр Порошенко 18, 27 қыркүйек пен 3 қазанда ГБР-дың кезекті жауап алу процесіне шақыртылған. Украинаның экс-президенті «Рыбальский Кузница» зауытын сату, сонымен қатар, «Прямой» телеарнасын сатып алу – сату кезінде салық төлеуден жалтару ісі бойынша мембюроға екі рет жауап берді.
Қазіргі уақытта Порошенкоға бірқатар қылмыстық істер, атап айтқанда мемлекеттік опасыздық, қызмет бабын асыра пайдалану, қылмыстық кірістерді заңдастыру, салықтан жалтару, сот билігін узурпациялау әрекеті және Украина министрлер кабинетінің 2016 жылы Жоғарғы Рада коалициясы болмаған кезде заңсыз тағайындау істері бойынша тергеу жұмыстары басталған.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес