Польша F-35 ұшақтарын пайдаланатын әлемдегі санаулы елдердің қатарына қосылмақ. АҚШ Мемлекеттік департаменті Польшаға аталған озық жауынгерлік ұшақтарды сату шешімін жария етті.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жариялаған мәліметте Польшаға 6,5 млрд АҚШ доллары құнына ие 32 да F-35A әскери ұшақтарының сатылатыны туралы айтылған. АҚШ Қорғаныс министрлігі де аталған мәліметті растап, ірі әскери техника саудасының ішінде F-35A ұшақтарына қоса ұшақ жабдықтары мен ұшақтың электронды жүйесіне қатысты жабдықтары да кіретінін жеткізген.
Мәлімдемеде, «Польшаға сатылатын бұл әскери техникалар өңірдегі агрессивті қауіптердің алдын алады және Польша әуе қорғаныс саласының Құрама Штат күштерімен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», – делінген.
Польша қорғаныс тараулары әуе күштерін жаңарту үшін АҚШ-тан F-35 әскери ұшақтарын сатып алу туралы жоспарларын мамыр айында жолдаған. Бұған дейін Польшаның әуе күштері ресейлік Миг-29 және Су-22 ұшақтарын пайдаланып келеді.
Варшава өзінің қорғаныс саласын жаңарту жобасы бойынша 2026 жылға дейін 47 млрд АҚШ долларын бөлген. АҚШ пен Польша арасында бұған дейін де ірі әскери техникалардың саудасы болды. Соның соңғысы 2017 жылы 10,5 млрд долларға АҚШ-тың «Патриот» әуе қорғаныс жүйесін сатып алған болатын.