Премьер-министр Синдзо Абэнің шешімі бойынша Жапония үкіметі толық құрамымен отставкаға кетті. Үкіметтің шұғыл отырысында премьер-министр үкіметтегі ауыс-түйіске қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Жақын арада Жапония үкіметінің жаңа құрамы таныстырылады. Үкімет құрамы былтыр тағайындалған болатын. Дегенмен, бұл жолы бірден 13 министр қызметінен кетіп, Либералды-демократиялық партия (ЖДП) басшылығында партияішілік тепе-теңдікті қолдау мақсатында ротация жүргізілетін болды.
Шетелдік басылымдар Жапония Қорғаныс министрінің ауысуын күтпеген жаңалық ретінде қабылдаған. Осы лауазымда бір жылға жуық жұмыс істеген Такэси Ивайдың орнына ведомствоның жаңа басшысы болып қазіргі Сыртқы істер министрі Таро Коно тағайындалады. 2017 жылдан бастап Коно СІМ басшысы бола отырып, бейбіт келісім бойынша Ресеймен кездесулер өткізген.
Сыртқы істер министрінің орнын бүгінге дейін экономиканы қалпына келтіру жөніндегі министр қызметін атқарған Тосимицу Мотэги басатын болды. Ол жапондық тараптан сауда-экономикалық мәселелер бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп, америкалық өкіл Роберт Лайтхайзермен бірқатар кездесулер өткізген болатын.
Абэнің шешіміне сәйкес, елдің экономика, сауда және өнеркәсіп министрі, Токио мен Мәскеу арасындағы экономикалық қарым-қатынастарға жетекшілік еткен Хиросигэ Сэко қызметінен кететін болды. Оның орнына Қаржы министрінің орынбасары Иссю Сугавара тағайындалмақ.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау