Жапония Парламентінің билеуші Либералды-демократиялық және оппозициялық партиялардың депутаттары адам құқықтарының бұзылуына байланысты шет елдерге, құрылымдар мен жеке тұлғаларға санкциялар заңнамасын ұсынды.
Заңнаманы жүзеге асыру мақсатында жаңа брілестік құрылған. Оның тең төрағалары ретінде бұрынғы Қорғаныс министрі Гэн Накатани мен Сиори Ямао тағайындалды. Топқа билеуші партиямен байланысы аз болса да, Коммунистік партияның өкілдері кірді.
Қазіргі уақытта Жапонияда адам құқықтарын бұзғаны үшін айыптауларға байланысты санкциялар салуға мүмкіндік беретін жүйе жоқ. Бұл мәселеде Токио әдетте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қатаң қаулылар бойынша қарарларын орындайды, бірақ ешқандай тәуелсіз қадамдар жасамайды. Жапония «Үлкен жетілік» тобында мұндай заңнамасы жоқ жалғыз ел. G7 қрамындағы Ұлыбритания, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Германия да адам құқытары мәселесі бойынша заңнама бар.
Бұған дейін Токио Қытайдың Шыңжаңдағы саясатына байланысты АҚШ пен Еуроодақ енгізген қатаң шараларға қосылған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, енді жапон үкіметі Қытай мен өзге елдердегі адам құқығы мәселесіне байланысты санкция енгізу мәселесін қарастыруы мүмкін.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы