Құрама Штаттар 2017 жылы Ресейдің үкімет аппаратында жұмыс істейтін тыңшысын жасырын алып шығып кеткен. CNN телеканалы Дональд Трамп әкімшілігіндегі дереккөзіне сүйеніп, осылай хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Дереккөздің сөзінше, оны алып шығу жөнінде шешім шығарғандар құпия мәліметтермен жұмыс істеуде Трамп айналасындағы адамдардың кәсібилігіне күмән келтірген. Оған негіз болған құпия құжаттармен жұмыс істеуде бірнеше рет олқылықтар орын алғаны себеп болған дейді CNN. Бұл Ресей билігі дәлізіндегі америкалық тыңшының өміріне қауіп туғызған.
Тыңшыны алып шығу туралы шешім 2017 жылдың мамыр айында қабылданған. Сол кезде Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және АҚШ-тағы Ресей елшісі болған Сергей Кислякпен құпия ақпараттар жөнінде талқылаған.
Ол кезде Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео болған. Трамп әкімшілігінде ресми адамдармен әңгіме барысында Помпео Мәскеуден алынған көп ақпаратты талқылау қажеттігіне күмән келтірген. Осыдан кейін оны тез арада алып шығуға мәжбүр болған.
АҚШ мемлекеттік хатшы өкілі пікір білдіруден бас тартты. Ақ үй баспасөз хатшысы Стефани Гришам "CNN материалы қате ғана емес, ол адам өміріне үлкен қауіп келтіруі мүмкін" деп мәлімдеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді