Иран 2015 жылы жасалған ядролық келісімді үшінші рет бұзды. Сенбі күні осы елдің Атом энергиясы ұйымының өкілі мәлімдеме жасап, ранды озық ядролық центрифугаларға жібере бастағанын мәлімдеді. Осымен бір уақытта Сауд Арабия тарабы Иранның тағы бір мұнай танкерін ұстағанын хабарлады.

Иранның уран байыту мөлшерін арттыруы осы жыл ішіндегі келісімді үшінші рет бұзуы. Алайда, осыдан бұрын мәлімдеме жасаған Иран президенті келісімге қатысқан еуропалық елдердің келісімдегі өз міндетін орындамағанын алға тартып, Еуропа елдері (Франция, Британия және Германия) келісімді қорғауға қадам жасамаса, Иранның үшінші рет келісімді бұзатынын ескерткен болатын.

Иранның бұл екі әрекеті батыстық және көршілес араб қарсыластарын алаңдатты. Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі Иранның уран байыту қуатын арттырғанын айыптай отырып, Парсы шығанағында төртінші мұнай тасымал кемесін ұстап алғанын сынға алды. Сондай-ақ, араб ақпарат агенттігі Гибралтар маңында ұсталған ирандық мұнай танкерінің Сүриядағы Тартус портына тоқтағанын айтты.

Осыдан бұрын Иранның аталған танкері (Adrian Darya1) АҚШ пен Еуропаның Сүрияға қарсы санкциясын бұзды деп айыпталған. Гибралтар маңында бұл кемені Британияның теңіз күштері тұтқындаған болатын. Иранның шағымынан кейін АҚШ-тың қарсылығына қарамастан Иран кемесі босатылған.

Иран президенті Хасан Рухани өткен аптада жасаған мәлімдемесінде: «Егер Еуропа елдері келісімдегі өз міндетін орндайтын болса, Иран келісімді сақтауды қайта жалғастыратын болады», – деп мәлімдеген.

Ал, АҚШ қорғаныс министрі Эспер сенбі күні Парижде өткен баспасөз мәслихатында: «АҚШ Иранның бұл қадамына таңқалмайды. Себебі, олар осыған дейін де ядролық және ядролық қаруларды тараптау туралы келісімдерді бұзып келген», – деген пікірін білдірді.

“The Qazaq Times”