Ресей Парсы шығанағындағы ойындарға шындап кіріспек. Екі елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қыркүйектің басында Мәскеуде кездесу өткізгеннен кейін Ресейдің шығанақ маңындағы белсенділігі арта түсті. Бір күн бұрын екі ел бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуге дайын екендерін жеткізді.
Иранның IRNA ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Ресей мен Иран теңіз күштері бірлескен оқу-жаттығуды Үнді мұхитында өткізбек. Иран СІМ тарабы жаттығудың бейбіт мақсатта өтетінін, өзге елдердің де қатысуға өтініш білдіріп жатқанын айтқан.
Иран Сыртқы істер министрі Жавад Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеті дұшпандық әрекет деп бағалап, Құрама Штаттың шығанақтағы әскери әрекеттеріне қарсы және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ресеймен қорғаныс, соның ішінде теңіз қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамыта түсетіндерін жеткізген.
Иран мен Ресейдің әскери жаттығу туралы мәлімдемелерінен кейін, Израиль АҚШ және Ресейді Иран тақырыбын талқылауға үштік кеңеске шақырған. Израиль тарабы Иранның Сүриядағы әрекеттері Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп айыптап келген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау