Иранның энергетика министрі Еуразия экономикалық одағы комиссия төрағасымен кездесіп, ИИР-ның аталған одаққа мүше болу жоспары туралы кеңескен.

Кездесуде Иран энергетика министрі Реза Ардаканиан ЕАЭО комиссиясы төрағасы Саркисянды Теһранға сапарлай баруға шақырған. Ол Иран мен ЕАЭО арасындағы еркін сауданы қамтамасыз ету, сауда қатынастарын үйлестіру үшін жоғары деңгейдегі алмасулар жасауға шақырған.

Комиссия төрағасы мен Иран министрі кездесті. Фото: ИРНА.

Иранның аталған ұйымға кіруінің ұйымға мүше елдерге жақсы және жаман әсерлері де бар.  Тиімді жақтарынан теріп айтқанда, Иран Орталық Азия елдері үшін теңізге шығатын ең төте жол. Ортақ экономикалық одақта болуы Орта Азиядағы ұйымға мүше елдер үшін белгілі пайда алып келуі мүмкін. Алайда, Батыстың санкция қысымындағы Иран өзімен сауда байланысындағы елдерді де санкция шырмауына батырады.

Иран бұдан тыс Қазақстан тұрақты мүшесі болып келе жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына да мүше болуға талпынып келе жатыр.

 “The Qazaq Times”