Өткен сенбіде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Иран президенті Хасан Рухани телефон арқылы сөйлесіп, ядролық келісім, АҚШ-Иран қарым-қатынасы туралы талқылаған.
Иранның ресми ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, сөйлесу кезінде президент Рухани 2015 жылғы келісімге қол қойған еуропалық елдердің өз міндеттерін атқаруын талап еткен. «Егер Еуропа елдері өз міндетін орындамаса, онда Иран үшінші қадамын жасайды», – деген Иран президенті.
Иран президентінің баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеде, президент Хасан Рухани Франция президентінің Иранмен келісімді жалғастыруға жасап жатқан құлшыныстарын жоғары бағалаған. Сондай-ақ, «Үлкен жетілік» саммиті кезінде Иран СІМ басшысын шақыруын бейбітшілікті және келісімді жақтаушы қадам деген бағасын берген.
Сөйлесу кезінде Франция президенті Иранмен ядролық келісімнің жойылуы халықаралық ауыр саяси дағдарысқа апарып соғатынын, оның салдары барлық тарапқа да оңай болмайтынын айтқан. Сондай-ақ, тараптарды мүдделерді ортақтастыра отырып, мәселені келісім жолымен шешуге шақырған.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті