Ресей мен Украина тұтқынға түскен әскерлерін алмастырмақ. Бұлардың арасында Ресей тарабынан қолға түскен украиналық кемедегі әскери қызметкерлер де бар.
Мәскеу мен Киев тұтқындарды алмастыру турасында ресми мәлімет таратқан жоқ. Алайда, тұтқынға түскендердің жақындары Киевтегі әуе базасына жиналып жатқаны мәлім болған. Ал, бұған дейін Ресей жағынан тұтқындалған режиссер Серцов Мәскеудегі түрмеге ауыстырылған кезде, екі ел арасында тұтқындарды алмасатыны туралы мәліметтер тараған еді.
Ресиссер Серцов мамыр айында аштық жариялап, тұтқындалған 64 адамның босатылуын талап еткен болатын. Тұтқындар босатылмаса тамақ ішпейтінін білдірген оған қызметкерлер күштеп тамақ ішкізгені де екі елдің ақпарат құралдарында айтылып келген.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті