Теһран ядролық келісімді сақтап қалу үшін Францияға бірлесе жұмыс істеу туралы ұсыныс білдірді. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф мәлімдеді.
Таяуда Франция президенті Эммануэль Макрон Иранға қарсы санкциялық қысымды азайтуды немесе Ислам Республикасы халқының жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беретін жолдарды қарастыруды ұсынған. Алайда, ол үшін Иран ядролық келісім шарттарын толықтай орындауы қажет.
Осыған дейін атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) сарапшылары Иранның 2015 жылдан бері алғаш рет белгіленген межеден артық уран қорын байыта бастағанын хабарлады. ВВС мәліметінше, Еуроодақ елдері Иранның аз байытылған уран қорларының 300 килограмдық шегінен асып кетпеуін қадағалау жөнінде келіскен. Себебі, аталған меже БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүше елдері, Германия және Иран арасындағы келісімде қарастырылған. Еуропалық дипломаттар осы мәселеге қатысты: «Иран келісімді сақтаған жағдайда біз де келісімге сай әрекет ететін боламыз. Біздің тарап шарт талаптарын бұзған емес, болашақта да солай болмақ. Бірақ, Иран да келісімді қатаң сақтауға міндетті», – деді.
Айта кетейік, АҚШ ядролық келісімнен шыққан соң, Еуропа елдері мен Иран арасында бірқатар мәселелер орын алған. Олардың қатарында Ормуз бұғазында британиялық кеменің ұсталуы және Ұлыбританияның Иранға қарсы санкциялар пакетін енгізуі бар.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел