Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Қазақстанды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.
Айдос Үкібаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы жөнінде өзінің «Twitter» парақшасында жазды. Онда ол жиынға экс-президент, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатынын айтып, «бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр» деп жазды.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Партия алдына жаңа міндеттер жүктеледі. Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр» - деп жазды Үкібаев.
Бұған дейін «Нұр Отан» саяси кеңесінің отырысы тамыз айының 16-ы күні болған. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне алда келе жатқан парламент сайлауына дайындық жұмыстарын бастауға тапсырма берген. Бүгінгі кеңейтілген отырыстың басты тақырыбы партияны жаңарту (перезагрузка) болмақ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?