АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер Доналд Трамп президент тағына отырғаннан кейін Ресей мен Құрама Штаттар арасында араағайындық рөл атқарады. Bild неміс басылымы еуропалық арнайы қызметтің дереккөзіне сілтеме жасап, Киссинджер Мәскеумен қарым-қатынасты жақсарту үшін жаңа әкімшілікпен жұмыс істейді деп жазады.
Мақалада бұрынғы мемлекеттік хатшы Қытай күшейіп жатқанда, Кремльмен диалог жасау дұрыс қадам деп есептейтіні жазылған. Басылымның мәліметінше, Киссинджер бұрынғы Совет одағы елдеріне Ресейдің басымдық жүргізуін мойындауды ұсынады. Мұнан бөлек жоспарға сәйкес, Трамп Мәскеуге қарсы санкцияларды жоюға талпынады.
Қазіргі уақытта АҚШ-тың Сенатында Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды қиындататын заң жобасы қаралып жатыр. Бұл заң жобада егер Ресей Қырым түбегін Украинаға қайтарған жағдайда ғана немесе халықаралық қауымдастықтың және Киев билігімен шешілген жағдайда ғана санкциялардың күші жойылады. Қазіргі қолданыстағы санкциялар туралы заңды президент кері қайтара алады.
Киссинджер 1973 - 1977 жылдар аралығында мемлекеттік хатшы қызметін атқарып, АҚШ пен ССРО арасындағы "қырғи-қабақ соғысты" жоюға күш салды. Ол сол үшін Нобель сыйлығын алған.
centralasian.org

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес