Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып Жалғас Әділбаев қызметке кірісті. Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа елшінің тағайындалғанын ҚР СІМ ресми сайты хабарлаған болатын.

Жалғас Жұмаұлы. Фото: ҚР СІМ.
Атырау облысының тумасы Жалғас Жұмаұлы Әділбаев 1964 жылы туған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 1998 жылдан бері қызмет атқарып келген. Ол дипломатиялық қызметін Мемлекеттік протокол басқармасында бастаған. 2000 жылы ҚР СІМ-нің Мемлекеттік протокол бөлімін басқарды.
Моңғолиядағы елшілік қызметіне дейін Жалғас Жұмаұлы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметінде болған. Ағылшын тілін меңгерген ол ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.


















АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Ирандағы толқулар және Түркияның ұстанымы: сақтық, прагматизм және геосаяси есеп