Апта басынан бергі толассыз жауыннан жапа шеккен Жапония тропикалық дауылға қызу дайындық үстінде. Қауіпсіздік мақсатында жүздеген рейс тоқтатылып, үлкен аудандарда эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
BBC Азия елдері қызметінің хабарлауынша, қуаты жағынан тайфуннан бір сатыға төмен Кроса деп аталатын дауыл бүгін Сикоку оңтүстік аралынан басталады деп күтілуде.
Аймақтан 400 мыңға жуық адам эвакуацияланған, автомгистарль жолдары жабылып, поездардың жүруі тоқтатылған. Жаздық демалыс маусымы мақсатындағы тасымалдау қызметінде мамамен 700-ге жуық әуе рейстерінің ұшуына тыйым салынған.
Жапон метеорологиялық агенттігі Тынық мұхиты жағалауы аудандарындағы ықтимал рекордтық жауын-шашын, сел, көшкіндер мен су тасқыны туралы ескерту жасаған.
Қазіргі таңда жапондық дәстүрлі ата-бабаларын еске алатын Бон мерекесі қарсаңында миллиондаған тұрғындар үйлеріне қайтатындықтан транспорттық көліктер ағынында біршама іркілістер орын алуда.
Жапондық БАҚ деректері бойынша, Сикоку аралымен байланыстыратын темір жолдарда жүрдек поездар уақытша тоқтатылған. Синкансэн мен Токио арасындағы, Осака, Хиросимо және оңтүстік-батыстағы Фукуока провинциялары трнаспорттық жолдары жабылған. Сикока жағалауындағы көксоқты биік толқындардың көтерілу қаупінен паромдар да төтенше жағдай жариялаған.

Krosa дауылының координаталық орны. 15 тамыз 2019 жыл. Фото: bbc.com

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес