Мамандардың айтуынша Солтүстік Қазақстан облысына наурыз айының соңы, сәуір айының басында көп мөлшерде су тасқыны келуі мүмкін.
Сондықтан 9 наурызда Петропавл қаласында «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқулары аясында көктемгі су тасқыны кезеңінде шартты төтенше жағдайды алдын алу бойынша арнайы оқу-жаттығулары өтті. Бұл туралы облстың баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқу-жаттығулар үшін Петропавлда Подгора ауданындағы бөгетті таңдады. Бұл жер кездейсоқ таңдалған жоқ, оның маңында Есіл өзені ағады. Жыл сайын су тасыған кезде жергілікті тұрғындар біраз қиындықтарға ұшырайды.
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жаттығу жоспары бойынша су бөгетті бұзып өтіп, үйлерді алып кетті. Тұрғындар жедел түрде көшірілді. Подгора ауданында шамамен мың жарымдай адам тұрады.
Кедергілі қоршаулар нығайтылуде. Бұл мақсаттар үшін екі камаз инертті материалдар әкелінді. Барлығы миллион тоннадам астам су бөгеу заттары әзірленген.
Мұнда Ұлттық Ұланның сарбаздары тоспаны нығайтуда. Сонымен қатар өрт сөндірушілер санаулы минуттар ішінде өртті өшірді. Ал, суда жедел құтқару жасағының қызметкерлері суға батып кете жаздаған ер адамға көмек көрсетуде.
Көтемгі су тасқынына қарсы дайындық пен өзге төтенше жағдайлардың болғанын СҚО әкімінің орынбасары, облыстық көктемгі су тасқынына қарсы штабтың жетекшісі Антон Федяев байқады.
Мүмкін болатын көтемгі су тасқына қарсы 3 мыңдай құтқарушы мен 600-ден астам техника жұмылдырылды.