Ресей аннексиялаған Қырым аумағында Украина туы көтерілді, – деп хабарлайды «Украинформ».
Мәліметтер бойынша, Судак қаласындағы белсенділер 6 тамызда Донбасста қаза тапқан сарбаздар құрметіне арнайы жиын өткізіп, ел туын көтерген.
Осыған дейін украиналық «Бірлескен күштер операциясы» Донбасста қақтығыс салдарынан төрт сарбаздың қаза болғанын жариялаған еді. Бұл жағдайдан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинге қоңырау шалып, «арандатушылық әрекеттер мен жазықсыз жандардың құрбан болуына жол бермеу керектігін» ескерткен болатын. Сонымен қатар, тараптар Донбасста бұрындары орын алған қақтығыстар жөнінде сөйлескен. Кейіннен Зеленский аталған оқиғаны Франция президенті Эммануэль Макронмен де талқылады.
Ресей 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялаған. Мәскеудің бұл әрекетіне Украина, АҚШ және Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттер қарсылық білдіріп, Ресейді «агрессиялық саясат ұстанатын мемлекет» деп атаған. Әлі күнге дейін АҚШ, ЕО, Түркия, Украина Қырымды Ресей жері ретінде мойындамайды.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті