АҚШ Global Times басылымы Ақ үйдің 7 наурыздағы ресми мәлімдемесі бойынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсон 15 наурыздан 19 наурыз күні аралығында Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайға ресми сапарлай баратынын хабарлады.  Бұл оның лауазымды қызметке тағайындалғаннан бері алғаш рет Шығыс-Азияға сапары.  7 наурыздағы баспасөз мәслихатында, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Даунер АҚШ мемлекеттік хатшысының бұл жолғы сапарының басты мақсаты «Сад» жүйесін (Thaad ракетаға қарсы жүйесі) орнату ісі емес екенін жеткізді. Алайда, Солтүстік Кореядан келетін қауіп туралы бір қатар мәселелер жөнінде талқы алып баратынын жоққа шығармады. Ал, халықаралық Yonhap ақпаратының хабарына қарағанда, «Сад» жүйесі орнату кезеңдерге бөліп атқарылу үстінде.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінде, Тиллерсонның Шығыс Азиядағы сапары 15 наурыз Токиодан басталады. 17 наурыз Оңтүстік Кореяға баратын болса, 18 наурызды Бейжің сапарына туралап отыр. Аталған елдердің жоғары лауазымдылары мен маңызды мемлекеттік қызметтегі басшыларымен кездесіп, Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қауіп-қатерлері , сонымен қатар, жауаптасу бағдарламалары туралы кеңеспек. Ал, департамент өкілі Дануер Қытайдың «Сад» жүйесін орнатуға қарсылығы туралы: «Сад» жүйесін орнатудағы бірден бір мақсат, Солтүстік Кореяның соғыс қаупінен сақтану. Біз Қытай тарабымен тікелей пікірталас және диалогтар алып барудамыз. «Сад» жүйесін орнату өзін-өзі қорғау шарасы болып табылады. Бір ғана Оңтүстік Корея емес, АҚШ-Корея біріккен армиясын қорғау үшін жасалған шара», – деп түсіндірді.

Тиллерсонның Шығыс Азиядағы сапарының ең маңызды бөлегі – Бейжің сапары. Бұл Трамп үкіметінің алдағы 4 жыл ішіндегі АҚШ-Қытай қатынасының ресми басталу нүктесі. Тиллерсонның көмекшісі Расселдің Жапония Киодо ақпараттық орталығына берген сұхбатында, Тиллерсонның ҚХР төрағасы Ши Жинпинге (Си Цзиньпин ) кездесу жоспарланып отырғанын айтқан. Қазір, уақыт пен екі ел басшыларының жұмыс кестесін үйлестіру келіссөздері өткізілуде.

Оңтүстік Корея «Орталық газеті» басылымында, 8 наурыз күні,  АҚШ мемлекеттік хатшысының сапары туралы жан-жақты талдау жасалған мақала жарық көрді. Онда АҚШ-Кореяның Қытай қарсылығына қарамастан «Сад» жүйесін орнатуы сөзсіз дауыл тудыратын мәселе екені айтылған. Бұл мәселеге Қытайды келісім беруге шақырудың өзі даусыз талас тудырады. Бұл тартыстың әсерін азайту үшін Оңтүстік Корея АҚШ мемлекеттік хатшысымен Корея, Жапония, Қытай үш тараптың ортақ кездесуіне ұйытқы болуы тиіс деген кеңесін айтады. Аталған басылымда: « Мойындау қиын болса да, қазіргі жағдайдан алып қарар болсақ, «Сад» жүйесінің АҚШ-қа Қытайды әлсірету үшін керек екені шындық», – деп ашық айтылған. Корей ақпарат құралдарының хабарында, 8 наурыз 16 сағатқа дейін, Қытайдағы кореялық Lotte Mart 99 сауа дүкенінің 55-ін жабылып қалған.

Шығыс Азиядағы төрт елді айтпағанда, «Сад» жүйесіне Ресейдің де қарсы болатыны белгілі. Ресей ақпарат құралдарының 8 наурыздағы хабарында Кремль тарабы, Оңтүстік Кореямен жасасқан сауда-әріптестік келісімдерінің бір қатарын күшінен қалдыруға, тіпті басқа да әскери емес шаралар арқылы Кореяға қысым түсіруге дайын екенін жеткізген. Қалай дегенде де, АҚШ мемлекеттік хатшысы Шығыс Азияға сапары сол өңір қайшылығының ең бір шешуші кезеңінде болғалы тұр. Тиллерсонның Шығыс Азиядағы сапары  өңірдегі  қайшылықтың шешім табуы мен ушығуына тікелей әсер ететіні даусыз.

“The Qazaq Times”