Өзбекстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көлемінде несие беретін болды.

Қырғызстан экономика министрі Санжар Мұқанбетовтың сөзінше, несие жөнінде екі ел президенттері былтыр күзде келісімге келген. Өзбекстан билігі 100 миллион доллар көлеміндегі несиені қырғызстандық кәсіпкерлерге қолдау ретінде бермек.  Аталмыш қаржыға тері өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың жұмысын жандандыру жоспарлануда.

«Өзбекстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көлемінде несие бермек. Несие шарттарын бүгін талқылайтын боламыз. Біз қаржыны тері өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерге беруді ұсынып отырмыз. Несие кәсіпкерлерге «Айыл Банк» арқылы берілетін болады» - деп мәлімдеді Мұқанбетов.

"The Qazaq Times"