Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға іссапармен келуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында: «Францияның Экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрмен кездесу өтті. Екі елдің де серпінді ынтымақтастығы мен үлкен әлеуеті бар. Ірі жобаларды, соның ішінде экологиялық, экономикалық салаларды бірлесе жүзеге асыру күн тәртібінде тұр. Біз президент Эммануэль Макронның сапарын күтеміз», – деп жазды.
30 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдаған болатын. Кездесу барысында қос тараптың дипломатиялық, стратегиялық байланыстары талқыланған. Қазақстан президенті сөзінде: «Біз Францияны Еуропа одағы шеңберіндегі негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. ЕО Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі 4,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Ал Франциядан ел экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард АҚШ долларынан асты», – деді. Франция президентінің Қазақстанға қай уақытта сапар жасайтыны әзірге белгісіз.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді