24 шілдеде 9 күндік демалыста болған Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовты мемлекеттік телеарналар көрсетті. Бұл – қайтыс болды деген сыбыстан кейін яғни 20 шілдеден соң Бердімұхамедовтің бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш төбе көрсетуі.
«Түркіменстан хроникасы» сайтының хабарлауынша, телеарнадан көрсетілген хабарда ел президенті бірқатар құрылыс жобаларын мақұлдап, болашақта Ашхабад қаласында салынатын Ахал велаяттың жобасын таныстырған. Сонымен қатар, 15 шілдеде басталып, әлі аяқталмаған еңбек демалысына қарамастан, мемлекет басшысы «өз уақытын тиімді пайдаланатынын» айтқан.
21 шілдеде 62 жастағы түркімен басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың өмірден озғандығы жөніндегі ақпарат жұрт назарын өзіне аудартты. Түркіменстан саясаттанушысы Аслан Рубаев «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында Түркіменстан президентінің көз жұмғандығы жөнінде айтқан. Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың жұмбақ жағдайда қайтыс болғандығы жөнінде ақпараттар тарай бастаған. Кейіннен Түркіменстан дипломаттары бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығын айтып, мәлемдеме жасаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті