Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осыдан бір күн бұрын Азаттық тілшілеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдіріп, Алматыда баспасөз мәслихатының алдында болған оқиғаны «екі тараптың жанжалы» деп атады.
23 шілдеде Нұр-Сұлтанда үкімет отырысынан шыққан соң журналистер сұрағына жауап берген министр Тұрғымбаев: «Кеше Алматыда брифинг, я баспасөз мәслихатын өтпек болғанда екі жақ өзара жанжалдасып қалды. Екі тарапдың бірі жарақаттанғанын айтып, екіншісі бұзақылық жасалғаны жайлы (полицияға) арызданды. Әр тарап полицияға, дәрігерлерге көмекке жүгінген. Қазір екі арыз тіркелген, мән-жайды анықтаймыз», – деді.
Кеше Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасады. Азаттық тілшілері таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Ғимараттың бірінші қабатында журналистерге тарпа бас салған бес әйел Азаттық тілшілеріне қол жұмсап, техникасын бүлдірді.
Бүгін желіде Азаттықтан «кешірім сұраған» екі әйелдің сөзі жазылған видео тарады. Онда аты-жөнін атамаған әйелдер Алматыдағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының «баспасөз залына кіре алмай, дөрекі сөз естігеннен кейін» ұрысып, әлгіндей қылыққа баруға мәжбүр болғанын айтады.
Кейіннен Алматы қаласы полиция департаменті Азаттық және басқа басылымдардың тілшілеріне шабуыл оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің «Өз бетінше билік ету» бабы (389-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі