Алматыда журналистерге жасалған шабуылдан кейін ғаламтор арқылы Азаттықтан «кешірім сұраған» екі әйелдің сөзі жазылған видео тарады.
Түнде түсірілген видео YouTube-те былтыр тіркелген «Мас Киеубала» каналында жарияланған. Онда аты-жөнін атамаған әйелдер Алматыдағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының «баспасөз залына кіре алмай, дөрекі сөз естігеннен кейін» ұрысып, әлгіндей қылыққа баруға мәжбүр болғанын айтады.
Видеодағы әйелдердің бірі «Егер біз Азаттық радиосына зиян келтірсек, шын ниетіммен Азаттық радиосынан кешірім сұраймын» десе, екіншісі «Біз Азаттық радиосынан кешірім сұрағымыз келеді, олардың айтуынша, біз зиян келтірген екенбіз. Біз жағдайды түсіндіру үшін телефон шалдық, бірақ олар қолы бос емес екенін айтты» – дейді.
22 шілдеде Азаттық тілшілері адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы «Мемлекет аналар және балалармен күресіп отыр» деген тақырыпта өтуі тиіс баспасөз жиынына барған. Бұл жиынды ұйымдастырушылары елде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы (Қазақстан билігін сынаушы, қазір шетелде тұратын қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған) қызметіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған алматылық көп балалы ана Оксана Шевчук пен жалғызбасты аналар Гүлзипа Жәукерова мен Жазира Демеуованың үстерінен қозғалған істердің мән-жайын айтпақшы болған еді. Алайда, сол мезетте Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Ғимараттың бірінші қабатында журналистерге тарпа бас салған бес әйел Азаттық тілшілеріне қол жұмсап, техникасын бүлдірген.
Белгілі болғандай, Азаттық редакциясына және дүйсенбіде шабуылға ұшыраған Азаттық журналистеріне бұған дейін кешірім сұрап ешкім хабарласпаған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр