Қара алтын бағасы әлемдік биржада күн санап өзгеріп жатыр. Осы аптада Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.
Мәліметтер бойынша, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,33 долларға көтеріліп, бір баррелі 55,63 доллар болған. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,06 долларға қымбаттап, 62,65 долларға жеткен.
Маусымда Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында осы аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерген болатын. Мәліметтер бойынша, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамызда жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,07 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,83 долларға жеткен. Ал Лондондағы ICE Futures биржасында тамызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,06 долларға қымбаттап, баррелі 65,84 доллар болған.
2017 жылы Қазақстан мұнайының орташа бағасы тоннасына 44 мың теңгеге жетіп, 13,6%-ға артқан болатын. Осылайша, жыл сайын отандық қара алтын бағасы қымбаттап келеді. Қазақстан экономикасы мұнай нарығына тәуелді болғандықтан, шикізат бағасының арзандап немесе қымбаттауы маңызды. Себебі Қазақстан экономиканы қуаттандыратын бұдан басқа салаға бет бұра алмай отыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр