Ресей қазақстандық әуе компанияларына Сібір арқылы ұшуға рұқсат берді. Бұл туралы Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі хабарлады.

Ресей мен Қазақстан арасындағы келіссөздер нәтижесінде қазақстандық компанияларға транссібір әуе жолын пайдалануға құқық берілді. Сол арқылы Ұлан-Батыр мен Токиоға жол ашылады, деп хабарлады министрлік.

Ресми хабарламада бұл мәселенің "біраздан бері талқыланып келгені" жазылған. Бұған қоса, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр рейстерін күнде жасауға рұқсат алды.

Мұндай құқық беру шарттары туралы министрліктің хабарламасында ештеме айтылмаған.

“The Qazaq Times”