Неміс «die Welt» газетінде жарияланған сараптамада германиялық сарапшылар Ресей «тыйым салынған зымырандармен» қарулануды жалғастыра отырып, Еуропада аймақтық соғыс жүргізуге дайын дейді.
Аталған мақалада АҚШ пен Ресей байланысындағы келеңсіздікдің Еуропалық одақ құрамындағы елдерге зардабы айтылады. Сонымен қатар, Ресейдің С-400 жүйесін орнатып, әскери қуатын арттыруы да Еуропада аймақтық қақтығыс туғызуға бір қадам болуы мүмкін делінген.
Осы ретте НАТО экс-орынбасары Хайнрих Браустың және Киль университетінің қауіпсіздік саясаты институтының басшысы Йоахим КраузенРесейдің Еуропа үшін «қауіпті мемлекет» екендігін алға тартады. Өз кезегінде ол Мәскеу Батысты қақтығысқа арнайы итермелейді және әлемдік тәртіпті әдейі бұзады деп санайды. Еуропа елдері қазіргі уақытта миграциялық мәселелер, көші-қон және климаттық өзгерістерге «бас қатырып» жүргенде, Ресей әскери дайындығын күннен күнге дамытып келеді. Ресми НАТО тарабы Мәскеудің ядролық келісім шарттарын толық орындамай, адамзатқа орасан қауіп әкелетін зымырандармен қарулануды жалғастыра бермек деп есептейді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр