Жер климатының жылынуы туралы зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2050 жылдарға қарай әлемдегі ірі қалалардың бестен бірі аса ауыр климаттық қиыншылыққа тап болады. Бұл туралы The Times басылымы хабарлаған болатын.
Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, енді 30 жылда әлемдегі ірі шаһарларда климаттың жылынуынан туындаған зардаптар анық көріне бастайды. Кейбір алып шаһарларда адам өмір сүруі қиындай түседі.
Болжамға сәйкес, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарындағы қалалар климаттың жылынуынан көбірек зардап шегуі мүмкін. Айталық, Сингапур, Жакарта (Джакарта) секілді тропикалық қалалар ауа райының шұғыл өзгерістерімен бірге құрғақшылыққа тап болады деп күтілуде.
Зерттеу нәтижесіне сенсек, 2050 жылға барғанда әлемдегі барлық ірі қалаларда орташа температура 2 градусқа жоғарлайды.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?