11 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында депо аумағындағы қоймада өрт болды. Бұл туралы төтенше жағдай комитеті мен облыстық әкімдік хабарлады деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, "өрт сөндірілген. Жалынды сөндіруге оннан астам техника мен 55 өрт сөндіруші, өртке қарсы пойыз бен Арыс стансасының қызметкерлері жұмылған. Өрт 2040 шаршы метр аумақты шарпыған".
Комитет өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов құрылыс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмағанын, ссының салдарынан өрт шыққанын айтты.
Түркістан облыстық әкімдігінің дерегінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.
24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт шығып, салдарынан оқ-дәрі жарылған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгінген еді. 40 мыңнан астам адам қаланы тастап кеткен. Тұрғындар қалаға 28 маусымда оралған.
Қаланың қауіпсіз екендігіне облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевтен бастап біраз шенділер уағда бергенді. Ал еліміздің қорғаныс министірі Нұрлан Ермекбаев бұл трагедияны "табиғи апат" деп атап біраз сынға ұшыраған болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі