Грекияда мерзімінен бұрын өткізілген сайлау аяқталды. Нәтижесінде «Жаңа демократия» консервативті оппозициялық партиясы жеңіске жетті.
Handelsblatt басылымының хабарлауынша, оппозициялық партия 40% дауысқа ие болған. Осылайша саяси аренаға қосылған «Жаңа демократия» партиясының үкімет құруға мүмкіндігі бар.
Грекиядағы оппозиция басшысы Кириакос Мицотакис сайлауалды науқанында берген уәделерін орындауға дайын екенін айтты. Ол сайлауалды үгіт-насихат барысында соңғы он жылдан бері қаржылай дағдарыстан шыға алмай келе жатқан елдегі салық көлемін төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашатынын айтқан. Саясаткерлердің болжамына сүйенсек, Мицотакис үш рет халықаралық қарыз берушілерге жүгінген Грекияға инвестиция тартып, дағдарысқа қарсы тұра алады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді