АҚШ пен Британия арасындағы ұлттық қауіпсіздік пен ортақ мүдделерді қорғау жөнінде ынтымақтастықты тереңдетпек. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Британия премьер-министрі қызметін атқарушы Тереза Мэй телефонда сөйлескен.
Екі ел басшыларының сөйлесуі кезінде, Сүрияға қарсы санкциялар қайта пысықталып, Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы және Иранның ядролық қаруға ие болуының алдын алу тақырыптары талқыланған. АҚШ пен Британия екі ел арасындағы «айрықша қарым-қатынас» негізінде бұл мәселелерге ортақ ұстаным табуға күш салатынын жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Гибралтар жағалауында Британия теңіз күштері ирандық мұнай танкерін ұстаған болатын. Иран кемесіне Сүрияға қарсы санкцияны бұзбақ болды деген айып тағылған. Теһран билігі бұл әрекеттің «теңіз қарақшылығы» деп бағалаған және Британияның әрекеті АҚШ-тың тапсырмасымен болды деп айыптаған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес