Өзбекстан жеке деректерді қорғау туралы заң қабылдады.
Өзбекстанда жеке адамның өмірбаянын, жеке өмірін, тұратын жерін, кәсібін, саяси және діни көзқарасын субъектінің келісімінсіз таратуға тыйым салынды. Аталған заң 2019 жылғы 1 қазанда күшіне енеді. Заңға сәйкес, жеке деректерді реттеуді үкімет пен осы саладағы құзыретті орган жүзеге асырады.
"Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азамат жеке өмірі мен ар-намысын қорғауға құқылы", - деді Олий Сенатының өкілі Бойматжон Расулов.
Жалпы, адамның жеке деректері мемлекеттік органдарға, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына және де басқа түрлі ұйымдардың қызметіне жүгінген кезде базада сақталып қалады. Аталған заңда жеке деректерді өңдеуге қатысты шарттары мен талаптары, сондай-ақ, жеке датаны өңдеуге рұқсат беру не келісім бермеудің де тәртібі көрсетілген.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті