Прага мен Мәскеу арасындағы келіспеушілікке байланысты 7 маусымнан бастап Ресей әуе компаниялары үшін Чехия аумағында ұшуы шектетілмек.
Шектеу Прага-Сеул бағыты бойынша Czech Airlines рейстерін орындайтын ресейлік әуе компанияларына қатысты.
2 маусымда «Аэрофлот», «Победа» және «Орал әуе жолдары» чех билігі тарабынан арнайы рұқсаттың жойылуынан Прагаға және Карловқа рейстер тоқтатылған. Ресей Көлік және коммуникация министрлігін бұл жағдай екі ел арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді бұзады деп мәлімдеді. Ведомствода: «Келіссөздер процесі жалғасуда. Мәселе жақын арада шешімін табуы тиіс», – деді. Ал Чехия тарабы Ресейдің келісімшартты бұзып отырғанын және қателіктер жөнделмейінше Прага ресейлік әуе қатынастарына қатысты шешімді өзгертпейтінін айтты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі