Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Bloomberg Media Group компаниясының бас атқарушы директоры Джастин Смитпен кездесті. Бұл туралы Ақ орда сайты хабарлады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту перспективалары жөнінде пікір алмасты. Президент Bloomberg компаниясының бүкіл әлем бойынша саяси, әскери, қаржылық сала турасында ақпарат тарататынын атап өтіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілетудегі әлемдік медианың ықпалына тоқталды.
Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңынан тікелей хабар тарататын Bloomberg студиясын ашу, беделді халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын тарту үшін медиахаб құру, ірі ұлттық компаниялар акцияларының «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасына шығуын ұйымдастыру мәселелері талқыланған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы