Қазақстан АҚШ-пен ауыл шаруашылығы саласында жаңа келісімге қол қойды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің АҚШ-қа сапары барысында А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы суару саласындағы танымал америкалық ұйым Valmont компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында суармалы полигон салынбақ. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдары мен ирригациялық жүйелерді өсірудің жаңа инновациялық агротехнологияларын, сондай-ақ АШҒӨО базасында мониторинг және бақылау технологияларын көрсетуге бағытталған.
Жаңа агрегат өнімділікті арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған жобаға бөлінген инвестиция көлемі шамамен 200 млн теңге көлемінде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті