АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы да мәлімдеме жасады, Оның АҚШ-Иран қайшылығына байланысты соңғы мәлімдемесін қатаң позициясын аңғартқандай болды. Ол Иран тарабынан әрқандай бір шабуыл жасалатын болса аяусыз соққы беретінін жеткізді. 

Президент Трамп кезекті мәлімдемесінде, Иран режимін айыптай келіп, Иран халқы "Теһранның дұрыс болмаған саясаттары үшін зардап шегіп жатқанын", алдағы уақытта АҚШ-қа қарсы қандай да бір шабуыл жауапсыз қалмайтынын, Иранға аяусыз соққы беретінін айтқан. Ол және АҚШ-тың әскери қуатына көбірек тоқталған. "АҚШ әлемдегі ең қуатты армияның иесі. Соңғы екі жылдың өзінде қарулы күштерге 1,5 триллион доллар көлемінде инвестиция салынған", – деген.

АҚШ президенті өткен аптада да Иранға қарсы қарулы операциялар туралы мәлімдеген болатын. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, қысқа уақыт ішінде АҚШ Иранға қарсы әуе операциясын жасауы мүмкін. Президент Трамптың Иранның америкалық ұшқышсыз ұшу құрылғысын атып түсіру әрекетіне қарсы санкциямен шектелуі Трамп үкіметінің шарасыздығы деп санаған. Алайда, уақыт өткен сайын екі ел арасындағы шиеленіс ушығып, келіссөздің мүмкіндігі азаюда.

“The Qazaq Times”