Конституциялық құрылымды құлатуға қатысып, ірі көлемде пара алды деген айыппен Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян үшінші рет тұтқындалды.
ВВС агенттігінің хабарлауынша, Армения соты прокуратураның Кочарянға бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырып, оның ісін тоқтату туралы шешімін жойды және материалдарды әрі қарай тергеуге жіберген.
2018 жылдың 26 шілдесінде Армения арнайы тергеу қызметі экс-президент Роберт Кочарянды «Конституциялық құрылымды құлату» бабы бойынша күдікті деп танып, екі айға қамауға алған. Кейіннен Апелляциялық сот Кочарянның экс-президент статусын алға тартып оны бостандыққа шығарған. Желтоқсан айында Кочарян қайтадан қамауға алынды. Сол уақыттан бері сот 18 қаңтарда және 15 наурызда оның қамау мерзімін екі рет ұзартты. Ақпанда Армения арнайы тергеу қызметі Кочарянға қатысты басталған қылмыстық істің аяқталғанын және экс-президенттің «Конституциялық құрылымды құлату», «аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша кінәлі екендігі анықталғанын мәлімдеген.
Айта кетейік, Кочарян 1998-2008 жылдар аралығында Армения президенті лауазымын атқарған. Ол екінші президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін «АФК Система» ресейлік инвестициялық компаниясы директорлар кеңесіне мүше болды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел