Mercedez-Benz маркалы автокөліктерден шу шықты

Daimler атты Германияның автокөлік концерні миллионнан астам Mercedez-Benz  маркалы   көліктері туралы өрт шығу қаупі бар деген пікір білдіруде. 

Компанияның мәлімдемесіне сәйкес, ақауы бар сақтандырғыштан автокөліктердің отқа оранған 51 жағыдай тіркеліп отыр. Бірақ жапа шеккендер жоқ.

Бұл ақаулар А, В, С және Е  санаттарына жататын және CLA, GLA және  GLC автокөліктерінің қозғалтқышы іске қосылған кезде қатты қызып, өртеніп кету қаупін тудырып отыр.

Компания өкілдері жаңа шығарылып жатқан автокөліктерде бұл ақауларды түзетіп, ал диллерлерге жіберіліп қойғандарына сатылымға дейін тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктерін жеткізді.

"Кез-келген ақаулар жөнделіп, қосымша сақтандырғыштар қойылмайынша,, ешқандай көлік сатылымға жіберілмейді" - делінген, өндіруші компнаияның мәлімдемесінде.

Ақау шыққан автокөліктердің 300 мыңнан астамы  АҚШ-та, ал 75 мыңы Ұлыбританияда қайта жөндеуден өтпек.

«The Qazaq Times»

 

 

Ұқсас жазбалар