АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні мәлімдеме жасап, дүйсенбі күннен бастап Иранға қарсы жаңа санкция енгізілетінін мәлімдеді. Ол аталған мәлімдемесін Вилла Давид қаласында өткен бірқатар лауазымдылармен бас қосқан жиында атап өтті. 

АҚШ президенті жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Иранға бағытталған экономикалық санкциялардың қашан жойылатынын да атап өтті. Ол сөзінде: "Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайды. Теһран қашан сындарды даму жолына түскенде, экономикалық санкциялар жойылатын болады", – деген. Ол және журналистерге берген жауабында: "Иран ядролық қарудан бас тартқан кезде мен олардың досы боламын", – деді.

Бірқатар шетелдік ақпарат құралдары, АҚШ пен Иран арасындағы соңғы жағдайлардан кейін Трамптың жасаған мәлімдемесі ел күткеннен әлде қайда жұмсақ болды деп қарайды. Өткен аптада Ормуз бұғазында шабуылға ұшыраған екі мұнай танкерінің ісіне байланысты Құрама Штат тарабы Иранды айыптады. Теһран тарабы бұл айыптауды жоққа шығарды және өткен апта соңына қарай америкалық ұшқышсыз ұшу құрылғысын аталған бұғазға жақын маңда атып түсірді.

Бұл қайшылықтарға байланысты әлем елдері қақтығыс қаупінен алаңдаған. Трамп бұған дейін Иран қарулы күштері АҚШ мүддесіне зиян келтіретін болса оның жауабының тым ауыр болатынын айтып келген. Бұл жолы АҚШ санкциямен шектелді және президент Трамп санкция талаптары туралы толық мәлімдеме жасаған жоқ.

“The Qazaq Times”