Маусым айында Гонконгте болған массалық ереуілдер әлем назарын өзіне аударды. Миллиондаған адам қатысқан халықтық ереуілден кейін билік экстрадициялау туралы жаңа заң жобасын қабылдауды уақытша тоқтатты. Тіпті, Гонконг үкіметі ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Әлем назарын аударған бұл жағдайға, Бейжің, Уаштнгтон және Гонконг тараптарының қаратқан көзқарасы әр түрлі болды.
Бейжің Гонконгтегі халықтық ереуілдердің артында шетелдік күштер бар деп қарайды және бұл әрекеттер Гонконгтің автономиялық құқығының шектелуіне апарып соғады деген. Ал, АҚШ-тың бірқатар басылымдары массалық шерулерді Бейжің мен Гонконгтағы либералдар арасындағы ойын деп бағалаған.
The New York Times басылымы бір күн бұрын Гонконгтағы саяси жағдайға байланысты көлемді сараптама жариялады. Әлем елдері Гонконгтағы саяси жағдайдың күрт өзгергеніне көбірек мән беруде. The New York Times Гонконг билігінің наразылық шерулерінен кейін күтпеген жерден «жеңіліс тапқанын» баса айтады. Әрі, кезекті массалық наразылық шеруі және Гонконгтегі саяси жағдайлар Қытай басшысы Ши Жинпиңнің «темірдей қатты» режимінің имиджін әлсіретті деп қарайды. «Бықытқа жарай Қытай басшысы Ши Жинпиң наразылық акциясы кезінде шетелдерде сапарда болып, Гонконгтағы жағдайлармен белгілі бір ара қашықтықты сақтап қалды», – деп жазған америкалық басылым.
Шын мәнісінде Гонконгтегі наразылық Ши Жинпиң Қытай билігін ұстаған 7 жылда болған ең үлкен қарсылық шарасы. Сондай-ақ, кезекті жағдай агрессивті және авторитарлық тәсілмен Гонконгке қысым түсіріп отырғанына қарамастан, Ши Жинпиңнің билігі, әлі де болса, белгілі бір шектеулерге ұшырайтынын көрсетіп берді.