Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа тиіспеу құқығын алып тастауды қолдап, Жогорку Кеңештің 60 депутаты қол қойды. Бұл жөнінде парламент депутаты Канатбек Исаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, енді әрі қарай арнайы комиссия бұл мәселені қарап, парламенттің жалпы талқысына шығару керек.

«Комиссия біздің айыптауымыздың жалған, расын тексереді. Егер рас болса, парламенттің жалпы отырысына шығарады. Сосын парламент оны Бас прокуратураға жібереді. Егер Атамбаевқа тиіспеушілік құқығын алып тастауды депутаттардың үштен екісі – 80 депутат қолдаса, демек Атамбаев өзіне қарсы қол сұғылмау құқығынан айырылады», - дейді Исаев.

Алмазбек Атамбаев 2011- 2017 жылдары аралығында Қырғызстан президенті болды. 8 маусымда ол коррупцияға қарсы митингке қатысып, қазіргі билікті қатал сынға алды.

12 маусымда бірқатар депутаттар Алмазбек Атамбаевты сол үшін сынға алып, тиіспеушілік құқығын алып тастау керектігін көтерді.

"The Qazaq Times"