Сейсенбі күні Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Болтон мәлімдеме жасап, Трамп үкіметінің тарифтік шаралары Қытай экономикасына үлкен әсер еткенін айтты. Ол және мәлімдемесінде, Жапонияның Осака қаласында өтетін G20 саммитінде АҚШ-Қытай сауда қайшылығы шешіледі деп үміт күтпейтінін де жеткізген.
Сейсенбі күні The Wall Street Journal басылымы ұйымдастырған конференцияда журналистер Болтоннан Қытай экспортына жоғары тариф енгізудің қандай нәтиже беретінін сұраған. Болтон сөзінде: "Менің ойымша, жоғары тариф енгізу Қытай экономикасына үлкен әсер етеді. Бәлкім, тариф ары қарай жалғаса берсе одан да жоғары әсерін тигізетін болады", – деген.
Оның айтуынша, Қытай үкіметі АҚШ-ты бұндай қадамға барады деп ойламағанын, қазір жоғары тариф Қытай үкіметін алаңдатып отырғандықтан, бұл үрдіс олардың экономикалық моделді өзгертуге мәжбүрлейді.
АҚШ-ты қамтыған Батыс елдері Қытай экономикалық саясатына қатысты екі түрлі сын айтады. Біріншіден, Қытай ДСҰ кіргеннен кейін, халықаралық нормаларға сай болу үшін, өзінің жүйесі мен экономикалық моделін өзгертуі тиіс еді. Бірақ, Бейжің бұл жағында Батыстың күткен жерінен шыққан жоқ. Екіншіден, Қытай экономикалық дамудан кейін, демократиялық жаңғыруға жол ашуы керек еді. Бұл жағында Қытайдың кері кетіп бара жатқаны Батыс елдерін алаңдатады.
Болтонның айтуынша, алдағы Осака саммитінде АҚШ пен Қытай сауда қайшылығы түбегейлі шешіліп кетпейді. Алайда, Трамп пен Ши арасындағы кездесудің басты тақырыбы сауда келісімі болады.