Ринат Зайытовты босатуды талап еткендерді полиция ұстады.
Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытовты босатуды талап етіп "Целинный" кинотеатрының алдына жиналып, кейінен Төле би көшесінің бойымен төмен құлдаған бір топ адамды полиция мен арнайы жасақ сарбаздары Сайран автобекеті маңында ұстады.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 10-ы күні Алматы қаласындағы "Дәстүрлі өнер" театры алдында Ринат Зайытов пен Еркін Рақышев бастаған бір топ белсенді кезектен тыс президент сайлауының қорытындысымен келіспейтіндіктерін айтып, наразылық акциясын ұйымдастырған. Кейіннен оларды полиция мен арнайы жасақ сарбаздары ұстаған.