Алматының "Целинный" кинотеатрының алдына жиналған халық саны кем дегенде 200-ге жетті.
"Дәстүрлі өнер" театрының алдында кезектен тыс президент сайлауына қарсы наразылық акциясын ұйымдастырып ұсталған Ринат Зайытовты қолдаған халық саны дәл қазір кем дегенде 200-ге жетті. Жиналғандар билік өкілдерінен ақынды босатуды талап етіп, сағат 20:00 шамасында "Целинный" кинотеатрының алдына жинала бастаған.