![](https://qazaqtimes.com/kk/content/uploads/2019/06/im578x383-630_360_1499669703-8976-800x480.jpg?token=13f3aea99443ab24a576cebc28e6ad19)
Қазақстанда "Tesla" автокөліктерін қуаттайтын бекеттер биылдан бастап іске қосылады.
"Tesla Motors" компаниясының басшысы Илон Маск өзінің "Twitter" парақшасында Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады.
"Tesla қуаттағыштары мен қызмет орталығы Қазақстанда биыл ашылады" - деді Маск.
Ол бұл мәлімдемесін қазақстандық азаматтың "Қазақстан аумағына "Tesla" қуаттағыштарының орнатылуын асыға күтудемін" - деген пікіріне жауап ретінде жазған.