Көп балалы аналар Ақорда алдында аштық жарияламақ.
Бүгін елордада бір топ көп балалы және жалғыз басты аналар биліктен баспана мен жәрдемақы талап етіп наразылық акциясын ұйымдастырды. Олармен сөйлесуге премьер-министр орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев шықты.

Фото: Азаттық радиосы.
Гүлшара Әбдіхалықова жиналған аналарға айқай-шумен ешнәрсенің шешілмейтіндігін айтып, мәселені жеке-жеке заң аясында қарайтындығын жеткізді. Ал министр Бердібек Сапарбаев биылдың өзінде көп балалы аналарға кәсіпкерлердің көмегімен жүздеген пәтердің берілгендігін айтты.
Елорда әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, өткен айда астанада 400-ге жуық отбасына пәтер берілген.
Бірақ Ақорда алдына жиналған аналар президент пен үкімет басшысы келмесе өздерінің аштық жариялап, тұрған жерлерінен кетпейтіндерін айтты. Полиция қызметкерлері жиналған аналарды қоршауға алып, Ақорда маңына жақындатпады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?