Қазақстаннан саяси баспана ала алмаған Сайрагүл Сауытбай Швецияға қоныс аударды. Бұл жөнінде оның адвокаты Айман Омарова хабарлады.
Айман Омарованың сөзінше, Сайрагүл Сауытбай маусым айының 2-інен 3-не қараған түні Швецияға ұшып кеткен. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымы көмек қолын созып, Швеция өз қамқорлығына алған.
2018 жылы Алматы облысының Панфилов аудандық соты Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды алты айға бас бостандығынан айырып, кейіннен оны шартты жазаға алмастырған.
Сауытбайдың босқын мәртебесін беруге байланысты өтінішін Алматы облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған «босқын мәртебесін беруге» байланысты арнайы комиссия оның өтінішін қабылдамай тастаған. Аталмыш шешімді заңсыз деп тануға байланысты сот әлі күнге дейін жалғасуда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел