Дунай өзенінде болған қайғылы оқиғадан кейін, құтқару операциясына көмек көрсету үшін Будапештке Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Канг КЁнг Хва келді.
Аpnews агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея СІМ апатқа ұшыраған кеменің бортында болған жолаушыларға көмек көрсету тобын басқаратын болады. Құтқару операцияларына сондай-ақ, корейлік сүңгуірлер тартылды.
29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан. 12 адам іс-түссіз жоғалып кетті. 15 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген. Апат Венгрия парламентінің ғимаратына жақын маңда болған. Туристік қайық пен Viking лайнері соқтығысып қалып, туристер отырған қайық суға кеткен. Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасауда. Салдарынан мамандар су түбіндегі кемені әлі сыртқа шығара алмай әлек. Полицияның айтуынша, мерт болғандардың үстінде құтқару жилеттері болмаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті